Вашингтонда саябаққа жай түсіп, төрт адам зардап шекті

0
711

Колумбия округінің өрт сөндірушілері мен жедел жәрдем қызметкерлері оқиға Ақ үйдің алдында орналасқан Лафайет саябағында болғанын айтты.


Вашингтонда саябаққа жай түсіп, төрт адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Вашингтон саябағына жай түсіп, зардап шеккен төрт адамның жағдайы ауыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Колумбия округінің өрт сөндірушілері мен жедел жәрдем қызметкерлері оқиға Ақ үйдің алдында орналасқан Лафайет саябағында болғанын айтты.

Зардап шеккендер ағашқа жақын жерден табылған. Ауыр жарақат алған екі ер адам мен екі әйел аудандық ауруханаларға жеткізілді.

Ресми тұлғалардың айтуынша, жазатайым оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бұған дейін Үндістанның Уттар-Прадеш штатында бір аптада 50-ге жуық адамға жай түсіп, көз жұмғаны туралы хабарланған болатын. Құрбан болғандардың көпшілігі қатты муссондық жаңбыр кезінде ағаштардың астына тығылған. Қаза тапқандар санының артуына байланысты үкімет халыққа найзағай кезінде өзін қалай қорғау керегі туралы жаңа ережелер таратуға мәжбүр болды.