Вьетнамда іші алтынмен апталған қонақ үй ашылды

0
1 690

5 мың шаршы метр аумақ алтынмен апталған.


Вьетнамда іші алтынмен апталған қонақ үй ашылды

ERNUR.KZ. 24 каратты қымбат металл ғимараттың ішін ғана емес, сыртқы келбетін әсемдеу үшін де қолданылған, деп хабарлайды Хабар24.

Вьетнам астанасында іші алтынмен безелген әлемдегі тұңғыш қонақ үй ашылды.

Dolce Hanoi Golden Lake 25 қабаттан тұрады, Ханояның орталық көшесінде орын тепкен. Оны салуға 10 жыл уақыт кеткен. Барлығы 342 бөлме бар, көбінің жиһазы, жуынатын орын мен әжетханасы, жалпы есепте 5 мың шаршы метр аумақ алтынмен апталған.