Вице-премьер шенеуніктерге үлкен кесек көтергізіп қойған

0
1 637

Шенеуніктерді суретке түсіріп, "Басқаларға сабақ болсын" деген оймен барлық аудан басшыларына жолдауды тапсырған.


Вице-премьер шенеуніктерге үлкен кесек көтергізіп қойған

ERNUR.KZ. 27 қазанда әлеуметтік желілерде Ташкент облысы Аққорған ауданының алты тұрғынының мұздай су аққан арықта тұрған суреті тарады. Сол күні әлеуметтік желілерде тағы алты ер кісі егіс алқабында қолдарына кесек ұстап тұрған суреті жарияланған.

Олардың әрқайсысы бір немесе екі үлкен кесек ұстап тұр. Бекабад ауданы әкімшілігінде жұмыс істейтін шенеуніктің айтуынша, аймаққа сапарлап барған вице-премьер Зойир Мирзаев егіс алқабындағы дәу кесектерді көріп, жергілікті шенеуніктерге айқайлаған.

"Ол шенеуніктерді балағаттады. Сосын оларға бір немесе екі кесектен көтеріп тұруды бұйырды", - деді ол.

Бұған қоса, Мирзаев оларды суретке түсіріп, барлық аудан басшыларына жолдауды тапсырған. "Басқаларға сабақ болсын" деген.

Аудандық әкімшілік шенеунігінің айтуынша, бұл оқиға Бекабад ауданындағы "Батыр Мәлік" шаруашылығында болған. Аудандық су шаруашылығының басшысы Ибрагим Бердіқұлов вице-премьер себепсіз жазалады деп есептейді.

"Мен негізсіз жазалағанына ренжідім. Біз кесектерді министр орынбасары суретке түсірген соң ғана жерге тастадық", - деді Ибрагим Бердіқұлов.

Бекабад аудандық жер кадастры бөлімінің басшысы Абдулла Умаров кесек көтерткізгеннен кейін өз еркімен жұмыстан кеткенін айтты.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде осы суреттер жария болған соң, вице-премьер Зойир Мирзаев қызметтен алынды.