WhatsApp қарашадан бастап қай смартфондарда істен шығатыны айтылды

0
440

Мессенджер 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап бүкіл әлемдегі ескі смартфондарда істен шығады.


WhatsApp қарашадан бастап қай смартфондарда істен шығатыны айтылды

ERNUR.KZ. Facebook-ке тиесілі танымал WhatsApp мессенджері ескі смартфондарда істен шығады, - деп жазады Tengrinews.kz.

Мессенджер 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап бүкіл әлемдегі ескі смартфондарда істен шығады. Бұл өзгеріс 4.1 нұсқасынан төмен Android операциялық жүйесі бар немесе iOS операциялық жүйесі 10 нұсқасынан төмен 43 смартфон моделіне әсер етеді.

Мессенджер 2011 жылы шығарылған iPhone 4s, Samsung Galaxy Trend Lite, Sony Xperia Miro, Huawei Ascend G740, Alcatel One Touch Evo 7 және басқа да смартфондарда жұмыс істемейді.

Өзгерістер қосымша бірден істен шығатынын білдірмейтіні, бірақ жаңартуларды жүктеу енді мүмкін болмайтыны айтылды. Себебі бұл ақау туындатуы мүмкін.

Бұған дейін WhatsApp мессенджерінде көптен күткен функция - дауыстық хабарламаның мәтінге айналатыны хабарланған еді.