WhatsApp қолданушыларды өмір бойына бұғаттай бастады

0
873

Алғашқылардың бірі болып Mowe11 атты қолданушы бұғатталған.


WhatsApp қолданушыларды өмір бойына бұғаттай бастады

ERNUR.KZ. WhatsApp мессенджерінің әкімшілігі "күдікті" топтарда отыратын қолданушыларды өмір бойына бұғаттай бастады, деп жазады Тengrinews.kz.

Алғашқылардың бірі болып Mowe11 атты қолданушы бұғатталған. Ол Reddit сайтында әзілдеп, университет тобын "Балалар порнографиясы" деп ауыстырып қойған. Артынша сол топтың қолданушылары бұғатталған.

Дәл осындай оқиғаны FranciscoAlfaro да айтқан. Оның сөзінше, WhatsApp әкімшілігі мектеп тобында тіркелген жүзге жуық қолданушыны бұғаттаған.

Бағдарламаның қолдау қызметі бұл әрекеттерін түсіндіріп, аккаунттардың сервис ережесін бұзғандықтан бұғатталғанын айтқан. Алайда ол ереже не жайлы екені нақты айтылмаған.