WhatsApp мессенджерінде жаңа функция пайда болды

0
692

Any.do еске салу қызметімен бірге құрастырылған функция WhatsApp Reminders ("WhatsApp еске салу") деп аталады және ақылы түрде қолжетімді.


WhatsApp мессенджерінде жаңа функция пайда болды

ERNUR.KZ. WhatsApp мессенджерінде жаңа функция пайда болды, оның арқасында тапсырмалар құрап, қажетті уақытта сол туралы ескерту алуға мүмкіндік береді, деп жазады tengrinews.kz.

Any.do еске салу қызметімен бірге құрастырылған функция WhatsApp Reminders ("WhatsApp еске салу") деп аталады және ақылы түрде қолжетімді.

Тапсырма жасау үшін Any.do ботына еске салу уақытын көрсетіп, хабарлама жіберу керек. Сонымен қатар, басқа қолданушыдан келген хабарламаларды автоматты түрде басқаларына жіберуге болады.

Осыған дейін, WhatsApp ойлаптапқыштары жаңа функцияны сынақтан өткізіп жатқаны айтылды, оның арқасында біршама уақыт өткеннен кейін хабарламаны өшіруге мүмкіндік береді.