Әйгілі «Алтын адам» экспонаты Мәскеуде алғаш рет көрсетілді

0
2 832

Ұлы даланың ұлттық құндылығын көруге халық Ресейдің түкпір-түкпірінен жиналды. Себебі Есік қорғанынан табылған әйгілі сақ жауынгерінің экспонаты көршілес елге алғаш рет әкелінді.


Әйгілі «Алтын адам» экспонаты Мәскеуде алғаш рет көрсетілді

Мәскеуде Қазақстанның Ұлттық мұражайы қорының «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнердің жауһарлары» атты көрмесі ашылды. Экспозиция «Алтын адам» - әлем мұражайларында» халықаралық көрме жобасы аясында ұйымдастырылып отыр,-деп хабарлайды 24.kz.

Ұлы даланың ұлттық құндылығын көруге халық Ресейдің түкпір-түкпірінен жиналды. Себебі Есік қорғанынан табылған әйгілі сақ жауынгерінің экспонаты көршілес елге алғаш рет әкелінді.

«Алтын адамның» табылуы 20 ғасыр археология тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі. Сол себепті бүгінгі көрменің ашылу ауқымдылығы, мәдени және археологиялық маңыздылығы жағынан Тутанхамон қазыналары көрмесімен тең. Алтын адам «Қазақстан», «қазақ халқы» деген сөздің артында ұлы мәдени мұра жатқандығын айғақтайды. Және біз оны білуіміз тиіс"-дейді РФ Мәдениет министрінің бірінші орынбасары Владимир Аристархов.

Зайнолла Самашев, археолог: - Керемет озық мәдениет үлгісінің кейбір нышандары қазақтың мәдениетіне тікелей енгені белгілі. Бейнелеу өнеріне, басқа өнерлерге енді. Қазақтың тарихын 2,5 мың жылдық тарихи сабақтастықты көрсетеміз деп әкеліп отырмыз.

Сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық мұражайы қорынан көрмеге өзге де құнды жәдігерлер қойылды. Олардың қатарында біздің заманымызға дейінгі VII-ІІІ ғасырдағы алтыннан жасалған бұйымдар, XIX-XX ғасырдағы 170-ке жуық күмістен жасалған әйелдердің әшекейлер топтамасы бар. Осылайша, Мәскеудегі көрме 13 мамырға дейін жалғасады. Ал 2020 жылға дейін ТМД елдерінде, Азия, Еуропа және Америкада ұйымдастырылмақ.