Қырғызстан мемлекет қарызының лимитін белгілеп жатыр

0
1 085

Қазіргі кезде "Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобасын Жогорку Кеңеш талқылап жатыр.


Қырғызстан мемлекет қарызының лимитін белгілеп жатыр

Қырғызстан үкіметі Бюджет кодексіне өзгерістер енгізіп, мемлекет қарызының көлемі Ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 70 пайызы көлемінде болу керек деп белгілемекші. Сонымен бірге бюджет тапшылығы ІЖӨ-нің 3 пайызынан аспау керек. Бұл жөнінде Қырғызстанның қаржы министрлігіне сілтеме жасап centralasian.org хабарлады.

Қазіргі кезде "Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобасын Жогорку Кеңеш талқылап жатыр.

2018 жылдың 28 ақпанындағы мәліметі бойынша, Қырғызстаның мемлекет қарызы 4,4 млрд АҚШ доллары болған. Бұл ІЖӨ-нің 55,7 пайызын құрайды екен. Оның 3,8 млрд доллары сыртқы қарыз.

Қырғызстан негізінен Қытайға қарыз, көлемі - 1,7 млрд доллар. Бұл сыртқы қарыздың 44 пайызын құрайды.