"Үшке бөлінген": Ыстамбұл әуежайында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

0
785

Ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кеткен.


ERNUR.KZ. Ыстамбұлдағы Сабихи Гекчен әуежайында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп жазады Tengrinews.kz.

Pegasus Airlines әуекомпаниясының ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кеткен. Басылым мәліметінше, ұшақ жолақтан шығып кеткеннен кейін оның бортында өрт шыққан. Жарияланған видео кадрларынан фюзеляждың бірнеше бөлікке бөлінгенін көруге болады.

Ұшақ Измир-Ыстамбұл рейсін орындаған, бортында 177 адам болған, 3 жолаушы қайтыс болды. Газеттің хабарына қарағанда, барлық жолаушы эвакуацияланған.