Ыстамбұлда қалың қар жауды – мектептер жабылып, жүздеген рейс кейінге шегерілді

0
598

Аяғы ауыр әйелдер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға демалыс жарияланды.


Ыстамбұлда қалың қар жауды – мектептер жабылып, жүздеген рейс кейінге шегерілді

ERNUR.KZ. Ыстамбұлда және Түркияның бірқатар өңірлерінде қалың қар жауды. Бұл туралы жұма күні Daily Sabah газеті жазды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ыстамбұлда жеке және мемлекеттік мектептерде сабақ болмайды, жергілікті тұрғындарға жеке көлік айдаудан бас тартуға кеңес берілді. Аяғы ауыр әйелдер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға демалыс жарияланды.

Демалыс күндері де қар жауады, осыған байланысты Turkish Airlines әуе компаниясы сенбіге жоспарланған 100-ге жуық рейстікейіне шегерді.

Өткен аптада қолайсыз ауа райына байланысты Ыстамбұлда Turkish Airlines пен Pegasus компаниялары 200-ден аса рейсін тоқтатқан еді.

Жергілікті метеорологиялық қызметтердің болжауынша, осы жолы жауатын қар өткен аптаға қарағанда қалың болмақ.