Ыстамбұлдағы жарылыс: Оқиғаға Күрдістан жұмысшы партиясы кінәлі екені анықталды

0
610

Бұған дейін 21 адам ұсталған.


Ыстамбұлдағы жарылыс: Оқиғаға Күрдістан жұмысшы партиясы кінәлі екені анықталды

ERNUR.KZ. Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Ыстамбұлдағы жарылыстың артында Күрдістанның жұмысшы партиясы (КЖП) тұрғанын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы ІІМ басшысы TRT Haber телеарнасының эфирінде мәлімдеді.

"Біздің қорытындыларымызға сәйкес, қайғылы жағдайға КЖП террористік ұйымы жауапты. Бұған дейін 21 адам ұсталған. Жарылғыш зат тастаған адам қамауға алынды. Елге үлкен азап әкелгендерді еселеп жазалаймыз", – деді Сойлу.

БАҚ қызметін бақылайтын Түркияның жоғарғы радио және теледидар кеңесі жарылыс пен оның салдарын жариялауға уақытша шектеулер енгізді.

Естеріңізге сала кетейік, жарылыс 13 қарашада Ыстамбұлдың орталығында, Истиклял көшесінде, Бейоглу ауданындағы Таксим алаңының жанында болды. 6 адам мерт болып, 81 адам жарақат алды.