​Ыстықкөлде журналист суға батып кетті

0
1 475

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар зардап шеккен жігітті судан алып шығып, ауруханаға жеткізеді.


​Ыстықкөлде журналист суға батып кетті

ERNUR.KZ."Азаттық" радиосының журналисі Ұланбек Егізбаев Ыстықкөл курортында суға батып кетті, деп жазады sputniknews.kz.

Ыстықкөл облысы ішкі істер басқармасының мәліметінше, жексенбі күні 14:30-да ер адамның суға батып бара жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар зардап шеккен жігітті судан алып шығып, ауруханаға жеткізеді. Кейінірек Егізбаевтың ауруханада есін жимастан жан тапсырғаны белгілі болды.

Құқық қорғау органдарының деректері бойынша, 19 шілдеде Егізбаев әйелімен бірге "Акун" пансионатына орналасады. Жексенбі күні нөмірден шығып, көлге барған.

Радио жүргізушісінің жасы 28-де еді. "Азаттықта" 2014 жылдан бері еңбек еткен, бірнеше журналистік зерттеулер жүргізген.