​Қыз алып қашуға тыйым салынуы мүмкін

0
1 627

БҰҰ Қырғызстан билігін қыз алып қашуды тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Қыз алып қашуға тыйым салынуы мүмкін

фото kaz.caravan.kz

БҰҰ Қырғызстан билігін қыз алып қашуды тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Азаттық радиосына сілтеме жасап.

БҰҰ-ның Қырғызстандағы өкілдігі милиция бөлімшесінде қыз алып қашудың соңы қайғылы оқиғаға ұласқан жағдайға алаңдайды. БҰҰ таратқан мәлімдемеде Қырғызстан билігін қыз алып қашуды тоқтату үшін барлық шаралар қолданып, халықаралық келісімдер мен заңдардың орындалуын талап етеді.

"Мәжбүрлі неке адам құқықтарын бұзып отыр. Бұл - қоғамның дамуына кері әсерін тигізеді. Қыз алып қашудың Қырғызстан мәдениеті мен дәстүріне еш қатысы жоқ. Бұл - тек әлсіз адамдардың құқығын таптау", - деп мәлімдейді ұйым өкілдігі.

БҰҰ мәліметінше, Қырғызстанда 24 жасқа дейінгі бойжеткендердің 13,8 пайызы мәжбүрлі түрде күйеуге шығады. Ұйым елде кең тараған заңсыз тәжірибені жою үшін Қырғызстанмен 2022 жылға дейінгі қол қойған бағдарламаның жүзеге асырылуына қолдан келгенше көмектесетінін білдірген.

27 мамырда Шу облысы Жайыл аудандық ішкі істер бөлімшесінде 20 жастағы Бурулай Турдаалықызын оны алып қашқан жігіт пышақтап өлтірген. Жігіт қызды полиция бөлімшесінде пышақтап, кейін өзін де жаралаған. Қазір күдікті жігіт аурухананың жансақтау бөлімшесінде жатыр.