Замбия гейлер үшін АҚШ елшісін елден қуып шықты

0
823

Ел басшысы АҚШ-тың 500 миллион доллар көмек ақшасынан айырылып қаламаймын ба деп қорықпайтынын да айтты.


Замбия гейлер үшін АҚШ елшісін елден қуып шықты

ERNUR.KZ. Замбиядағы АҚШ елшісі гейлердің құқығын қорғағаны үшін жұмысынан айырылып, Отанына қайтты, деп жазады Zakon.kz.

Дэниэл Фут жергілікті үкіметтің гей жұпты 15 жылға түрмеге қамағанын айыптап, мемлекеттік бюджеттен миллиондаған доллар ақша ұрлағанын шенеуніктердің бетіне басты.
Осыдан кейін Замбия билігі Дэниэл Футқа жапа-тармағай тап берген. Тіпті, Президент Эдгар Лунгу елшіні бұдан былай көргісі келмейтінін айтты. Ел басшысы АҚШ-тың 500 миллион доллар көмек ақшасынан айырылып қаламаймын ба деп қорықпайтынын да айтқан.
"Фут мырза бұдан былай бұл лауазымын атқара алмайды", - деді АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті. Министрлік елшінің нон-грат тұлға болуға жақын қалғанын қоса кетті.
Фут 2017 жылы қарашада АҚШ президенті Дональд Трамптың бұйрығымен Замбиядағы АҚШ елшісі болып тағайындалды.