​Зейнеткер салмағы 12 кг болатын алып тандыр нан жабады (видео)

0
3 170

Оған күн сайын әрбірінің салмағы 10-12 кг шығатын 20 нан жабуға тура келеді.


​Зейнеткер салмағы 12 кг болатын алып тандыр нан жабады (видео)

ERNUR.KZ. Тәжікстандағы Рашт ауданының тұрғыны әрбірінің салмағы 10-12 кг болатын тандыр нан жабады, деп жазады ca-news.org.

64 жастағы Тиловат Рахматуллаева Рашт ауданында өзінің «алып» тандыр нанымен танымал. Кейде ол бір күнде мұндай тандыр нанның 20 данасын жабады. Әрбірінің салмағы 10 келіден төмен болмайтын нанды жабуды дәстүрге айналдырған.

Тиловат тұратын аудандағы той-томалақ, іс-шараның барлығы да ол жабатын алып тандыр нансыз өтпейді. Нанның диаметрі – 1 м болады.

«Тандырға нан жабуды 8 сынып оқып жүргенде үйренгенмін. Ол кезде нанның көлемі мұндай үлкен емес еді. Қазіргі жапқан бір наныма 12 адам тояды», - дейді Тиловат ханымның өзі.

Зейнеткердің жапқан наны қазір ел астанасына да танымал болып келеді. Қандай да бір іс-шара немесе алыс-жақын шетелден келген қонақтар үшін Тиловаттың 12 келілік нанына тапсырыс береді.

«Мұндай күндері күніне 10-12 келілік тандыр нанның 20 данасын жабуға тура келеді», - дейді алып нанның авторы.