Зеленский Ресеймен келіссөз жүргізу шартын атады

0
485

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен келіссөздер жүргізуге мүмкіндік беретін шартты атады.


Зеленский Ресеймен келіссөз жүргізу шартын атады

ERNUR.KZ. Бұл туралы ол Львовта Түркия басшысы Реджеп Тайып Ердоғанмен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен өткен үшжақты кездесуден кейін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Ресей басып алған жерлерден кеткенде ғана бейбіт келіссөздер басталады", - деді Зеленский.

Сондай-ақ ол Украинаның бұл мәселедегі ұстанымы өзгермейтінін ескертті.