Зеленский Украинаның бес елдегі елшісін қызметінен босатты

0
856

Украина президенті Германиядағы елші Андрей Мельникті де жұмысынан босатты.


Зеленский Украинаның бес елдегі елшісін қызметінен босатты

ERNUR.KZ. Владимир Зеленский Украинаның бірнеше елдегі елшілерін бірден қызметінен босатты, деп жазады exk.kz.

Атап айтсақ, Венгриядағы, Чехиядағы, Үндістандағы және Нидерландыдағы елшілер қызметінен айырылды. Бұл дипломаттардың жұмыстан босатудың себептері аталмаған және басқа қызметтерге тағайындалатын-тағайындалмағаны әзірге белгісіз.

Сондай-ақ, Украина президенті Германиядағы елші Андрей Мельникті де жұмысынан босатты. Мельник бұл қызметте жеті жыл еңбек етті және неміс билігіне қатысты қатал ұстанымымен есте қалды. Десек те, әлемдік БАҚ Мельниктің қызметінен кетуін жанжалға толы түрлі мәлімдемелерімен және өткір пікірлерімен байланыстырып отыр.

Зеленскийдің өзі Украина елшілерінің жұмыстан босатылуын әдеттегі кезекті ауыс-түйіс деп атады.