Зеленскийге Черчилл атындағы сыйлық берілді

0
576

Черчилл атындағы сыйлық "бойынан сэр Уинстон Черчиллге тән көшбасшылық қасиеттері көрінген" адамдарға беріледі.


Зеленскийге Черчилл атындағы сыйлық берілді

ERNUR.KZ. Украина президенті Владимир Зеленский Ұлыбританияның Уинстон Черчилл атындағы сыйлығымен марапатталды. Бұл туралы Британия үкіметінің Twitter-дегі парақшасында жарияланды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Украина президенті Владимир Зеленскийге «Путиннің жабайы басқыншылығына төтеп беріп, адам нанғысыз батылдық пен қайсарлық көрсеткені үшін» Уинстон Черчилл атындағы сыйлық берілді, - делінген хабарламада.

Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон Зеленскийге сыйлықты кездескенде тапсыратынын айтты. Салтанатты шара Даунинг-стритте болды. Оған Украина президенті видеобайланыс арқылы қатысты.

Черчилл атындағы сыйлық "бойынан сэр Уинстон Черчиллге тән көшбасшылық қасиеттері көрінген" адамдарға беріледі. Бұрын ол Уэльс ханзадасы Чарльз, Ұлыбритания премьер-министрі Маргарет Тэтчер, АҚШ мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайт және өзге тұлғаларға берілген.