Жағажайда демалған шетелдік саяхатшыға найзағай түскен

0
609

47 жастағы әйел мен оның қызы танымал Сплит курортында демалып жатқан.


Жағажайда демалған шетелдік саяхатшыға найзағай түскен

ERNUR.KZ. Хорватияға қызымен демалуға келген ұлыбританиялық туриске жағажайда демалып жатқан кезінде найзағай түскен, деп жазады kaz.tengritravel.Kz.

Mirror басылымының мәліметінше, бұл оқиған оның қызының көз алдында болған.

47 жастағы әйел мен оның қызы танымал Сплит курортында демалып жатқан. Сол күні ауа райы кенеттен өзгеріп, шаңқайған күнді күркіреген бұлттар дереу жапқан. Демалушыларға толы жағажайда 10 минуттың ішінде ешкім қалмаған. Әйел қызын алып жүгіріп бара жатқан кезде оған найзағай түскен.

Қуанышқа орай әйелге дереу медициналық көмек көрсетілген. Сол маңайда триатлоннан жарыс өтіп жатқан, сондағы дәрігер әйелді аман алып қалып, жедел жәрдем бригадасына тапсырған.

Қазіргі уақытта әйел ауруханада жатыр, ол басынан ауыр жарақат алған және денесінің көп бөлігін күйік шалған. Алайда оның өміріне қауіп жоқ.