​Жантүршігерлік апаттан 10 адам қаза тапты (видео)

0
6 446

Апат салдарынан, соңғы мәліметтер бойынша 10 адам қаза тауып, 73-і жарақат алған.


​Жантүршігерлік апаттан 10 адам қаза тапты (видео)

Түркияның солтүстік-батысындағы Текирдаг елді мекенінде Капикуле - Ыстамбұл бағытындағы жолаушылар пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кетіп, аударылған, деп мәлімдеді "Анадолу" агенттігі. Бұл туралы tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап ERNUR.KZ хабарлайды.

Апат салдарынан, соңғы мәліметтер бойынша 10 адам қаза тауып, 73-і жарақат алған.


Оқиға болған Чорлу ауданына жедел жәрдем мен құтқарушылар келіп жеткен. Жарақат алғандарды эвакуациялау үшін техниканың барлық түрі жұмылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, вагондар көп жаңбыр түскеннен кейін басылған топырақтың әсерінен рельстен шығып кеткен.

"Зардап шеккендер көп. Оқиға орнына жету қиын болғандықтан, ауданға арнайы техника тартылды. Жарақат алғандардың басым бөлігі оқиға орнынан эвакуацияланды. Апат жаңбырдың мол түсуінен болды деген мәлімет бар. Таяуда министрлік оқиғаға қатысты мәлімдеме жасайды", - деді елді мекеннің губернаторы Мехмет Джейлан.

Түркия билігі төтенше жағдайдан көптеген адамның қаза тауып, зардап шеккенін растады. Оқиға жайлы ел басшысы Режеп Тайип Ердоғанға баяндалған.