Жапондық ғалымдар екі аталық жасушасынан 7 тышқан баласын тудырды

0
913

Енді ғалымдар дәл осы тәжірибені адамдарға жасап көруді жоспарлап отыр.


Жапондық ғалымдар екі аталық жасушасынан 7 тышқан баласын тудырды

ERNUR.KZ. Жапондық ғалымдар екі тышқан аталығының жасушаларынан балалы болудың жолын зерттеді. Осылайша бірінің жасушасын аналық хромосмаға айналдырып, екіншісін аталық ұрық ретінде пайдаланған, деп жазады stan.kz.

Тheguardian сайтының жазуынша, жапондық ғалымдар осы тәжірибе арқылы 7 тышқан баласын тудырған. Катсухико Хаяши бастаған мамандар алдымен екі тышқан аталығындағы XY хромосомаларын жинақтапты. Кейін ХХ жасушасына айналдырған. Осылайша дайын ұрыққа ұласқан хромосомалардан 600-ге жуық эмбрион қалыптасқан. Нәтижесінде өмірге дені сау 7 тышқан баласы келіп отыр.

Енді ғалымдар дәл осы тәжірибені адамдарға жасап көруді жоспарлап отыр. Өйткені аталық жасушалары арқылы жинақталған эмбриондар қарапайым ұрық арқылы ұрпақ алудан 1 пайызға ғана төмен нәтиже көрсетіп отыр. Егер бұл сынақ сәтті шықса ұрпақ сүйе алмайтын ерлерге үлкен көмек болмақ.

Катсухико Хаяши дәл осы технология адамдар арасында кемі 10 жылдан кейін пайда болуы мүмкін деген болжам жасапты.