Жапондық компания бассейнге арналған бетперде шығара бастады

0
860

Он данадан тұратын жинақ 29 мың иен немесе 260 долларға бағаланды.


Жапондық компания бассейнге арналған бетперде шығара бастады

ERNUR.KZ. Konami Sports атты жапон компаниясы коронавирустан қорғайтын бассейнде киетін маскалар шығаруды бастады, деп жазады baq.kz.

Бетперделерді мектептерде жүзу үшін қолдану жоспарлануда, онда жаттықтырушылар оқушыларға масканы қалай қолдануды барынша түсіндіріп және оларды суда бақылайды.

Он данадан тұратын жинақ 29 мың иен немесе 260 долларға бағаланды. Жапон билігі 1 маусымнан бастап бассейндерді аша бастады.

Соңғы мәліметтер бойынша Жапонияда 17 мың адам коронавирус жұқтырған. 915 науқас қаза тапса, 14,9 мың адам емделген.

Бұрын Reebok спорттық бренді атмосферадағы қауіпті бөлшектерден қорғайтын ғана емес, сонымен қатар иелерін оттегінің деңгейі мен басқа да өмірлік маңызды көрсеткіштері туралы хабардар ететін үш масканың прототипін жасаған еді.