Жапония елге келген әр туристке 185 доллар төлемек

0
782

Үкіметтен берілген қаражатты мейрамхана немесе сауда орындарында жұмсауға болады.


Жапония елге келген әр туристке 185 доллар төлемек

ERNUR.KZ. Жапония билігі туризм индустриясына жаңашылдық енгізіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».


Пандемиядан ең көп зардап шеккен бұл салаға саяхатшыларды тарту үшін Үкімет елге келген әр туристке 185 доллар төлеу туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Kyodo News ақпарат агенттігі хабарлап отыр.

Go To Travel бағдарламасына мемлекеттік қазынадан 1,35 трлн иен, яғни 12,5 млрд доллар бөлінді.

Жоба авторының айтуынша, субсидия Күншығыс еліне келген туристердің 50 пайыз шығынын жаба алады. Үкіметтен берілген қаражатты мейрамхана немесе сауда орындарында жұмсауға болады. Ал аталған соманы алу үшін турист жергілікті қонақүйлердің бірінде тоқтауы міндетті. Оның өзін Жапонияның туристік компаниясы арқылы брондау қажет.