Жапония Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыранды қайта ұшырғанын мәлімдеді

0
478

Жапония сараптамасы бойынша, екі зымыран шамамен 50 шақырым биіктікке жетіп, Ното түбегінің суларына құлағанға дейін шамамен 750 шақырым қашықтықты еңсерген.


Жапония Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыранды қайта ұшырғанын мәлімдеді

ERNUR.KZ. Жапония үкіметі Солтүстік Кореяның осы айда екінші рет баллистикалық зымыран ұшырғанын мәлімдеді деп жазады kaz.nur.kz. Kyodo News. сілтеме жасап.

Оңтүстік Корея әскери қызметкерлерінің мәлімдеуінше, Солтүстік Корея сейсенбі күні өзінің шығыс жағалауындағы теңізге белгісіз снаряд атқан. Бұған дейін Солтүстік Корея 15 қыркүйекте Жапонияның айрықша экономикалық аймағына екі баллистикалық зымыран ұшырған еді.

Сол кезде мұндай қару шамамен алты ай ішінде алғашқы рет сынақтан өткізілген болатын.

Жапония сараптамасы бойынша, екі зымыран шамамен 50 шақырым биіктікке жетіп, Ното түбегінің суларына құлағанға дейін шамамен 750 шақырым қашықтықты еңсерген. Солтүстік Корея 15 қыркүйекте зымыранды ұшыруға "теміржол зымыран жүйесін" сынақтан өткізу себеп болғанын және оның мақсаты шығыс жағалауынан 800 шақырым қашықтықтағы нысанаға соққы беру екенін мәлімдеді.