​Жапонияда бала туу көрсеткіші күрт төмендеді

0
753

Туу көрсеткішінің коэффициенті соңғы бір жылда бес пайызға азайған.


​Жапонияда бала туу көрсеткіші күрт төмендеді

ERNUR.KZ. Жапонияда бала туу көрсеткіші күрт төмендеді, деп жазады 24.kz.

Дәл осылай жалғаса берсе, 2060 жылы ел халқы 80 миллионға дейін азаяды, дейді мамандар. Күншығыс елінде қазір 124 миллион тұрғын бар.

Туу көрсеткішінің коэффициенті соңғы бір жылда бес пайызға азайған. Экономикасы дамығанымен, өмір сүру деңгейі қымбат елдердің бірі саналады. Осының салдарынан бұл елдің жастары отбасын құруға асықпайды екен. Үкіметтің жас аналарға төлейтін жәрдемақысы да жағдайды оңалтпай тұр. Ел халқының саны соңғы 14 жылдан бері азайып барады.