Жапонияда бастауыш сыныптың екі оқушысы коронавирус жұқтырған

0
573

Бұл туралы префектура әкімшілігі мәлімдеген.


Жапонияда бастауыш сыныптың екі оқушысы коронавирус жұқтырған

ERNUR.KZ. Жапонияның Хоккайдо префектурасында үш адам коронавирус жұқтырған, олардың екеуі бала, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нака-Фурано ауылындағы мектептің бастауыш сыныптарында оқитын ағалы-қарындас қаіуіпті вирус жұқтырған. Бұл елді мекен азиялық туристер жиі келетін тау-шаңғы курортының маңында орналасқан.

«Қазір барлығы ем қабылдап жатыр, балалардың жағдайы түзеліп келеді», – дейді әкімшілік өкілдері.

Ал 40 жастағы әйел Саппоро халықаралық әуежайының карантиндік қызметінде жұмыс істейді екен.

Бүгінгі таңда Күншығыс елінде коронавирус жұқтырғандар саны 730-дан асып кеткен. Олардың басым бөлігі, яғни 634-і – Diamond Princess круиздік лайнерінің жолаушылары мен экипаж мүшелері.

Еске салайық, Diamond Princess-те болған екі жолаушының осы індеттен көз жұмғанын хабарлағанбыз.