Жапонияда "Хагибис" дауылы салдарынан 36 адам қаза тапты

0
805

"Хагибис" дауылы соңғы жарты ғасырда болған ең жойқын тайфун деп аталған.


Жапонияда

ERNUR.KZ. Жапонияда "Хагибис" дауылы салдарынан 36 адам қаза тауып, 186 адам жарақат алып, 15 адам із-түссіз жоғалып кеткен, деп жазады Тengrinews.kz.

Қазанның 12-нен 13-іне қараған түні Жапонияда қатты жел соғып, нөсер жауын жауды. Соның салдарынан, ондаған өзен арнасынан тасып, үлен қалаларды су басты. Жапония теңізінің жағалауы опырылды.

Жапондық БАҚ мәліметінше, табиғи апат салдарынан 136 мың адам сусыз, төрт мыңнан аса үй жарықсыз қалған. Қатты жылдамдықпен қозғалатын пойыздардың жұмысы қайта жанданды.

Жапонияның барлық органдары адамдарды құтқару және іздеу шараларын жүргізіп жатыр және 11 префектурада су тасқыны мен селдің салдарын жоюға жұмылдырылған.

"Хагибис" дауылы соңғы жарты ғасырда болған ең жойқын тайфун деп аталған.