Жапонияда қуатты жер сілкінісі болды (видео)

0
3 303

Жапонияда дүйсенбі күні таңертең 6,1 магнитудалы жер сілкінісі болды.


Жапонияда қуатты жер сілкінісі болды (видео)

ERNUR.KZ. Жапонияда қуатты жер сілкінісі болды, қаза тапқандар бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ Sputnik.kz.-ке сілтеме жасап. Жер асты дүмпуінен сегіз адам зардап шекті, әуежайлар мен теміржол көлігінің жұмыс кестесі бұзылды.

Жапонияда дүйсенбі күні таңертең 6,1 магнитудалы жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісінің эпицентрі Осака префектурасының солтүстігінде орналасты, зілзала ошағы 13 километр тереңдікте болды.

Жер асты дүмпуінен сегіз адам зардап шекті, әуежайлар мен темір жол көлігінің жұмыс кестесі бұзылды. Үш адам көз жұмғаны белгілі болды.
Тұрғындар зілзала зардаптарының фотосуреттері мен видеосын таратып жатыр.