Жапонияда жалғыздық жөніндегі министрлік құрылды

0
2 933

Жаңа министрлік әйелдер мен жастар арасындағы суицид мәселесін шешумен айналысады


Жапонияда жалғыздық жөніндегі министрлік құрылды

ERNUR.KZ. Пандемия кезінде суицидтің көбеюіне байланысты Жапонияда жалғыздық мәселелері жөніндегі министр лауазымы пайда болды. Премьер-министр Есихидэ Суга аймақтық даму министрі Тэцуси Сакамотоны жалғыздық министрі етіп тағайындады, деп жазады Azattyq Ruhy.

«Бұл министрліктің мақсаты - халықтың қартаюына байланысты пайда болатын әлеуметтік мәселелерді шешу. Бұған ең алдымен әйелдер мен жастар арасындағы суицид мәселесі де кіреді», - деп жазады басылым.

Сарапшылардың пікірінше, эпидемия кезеңінде жұмыссыздық және балаларға, үйге күтім жасау жүктемесі стресс деңгейін жоғарылатады.

Айта кетерлігі, Жапония билігі психикасы әлсіз адамдар күрт өзгеретін жұмыс режиміне төтеп бере алмайды деп алаңдаған. Алайда, сәуір айында елдегі суицид саны ересектер арасында 2019 жылдың сәуірімен салыстырғанда 20 пайызға төмендеді. Бұл – соңғы бес жылдағы ең маңызды көрсеткіш.