Жарты миллион доллар тапқан азамат ақшаны қайтарып, марапаттан бас тартты

0
4 559

Ақшасын алуға келген кәсіпкер ер адамға алғыс ретінде 25 мың доллар немесе пәтер ұсынған.


Жарты миллион доллар тапқан азамат ақшаны қайтарып, марапаттан бас тартты

фото: hyser.com.ua

ERNUR.KZ. Аргентинаның Ногойя қаласының Хоче Санчес ісімді тұрғын көшеден жарты миллион доллар бар сөмке тауып, оны иесіне қайтарған. Ең таңғаларлығы, ер адам марапаттан бас тартқан деп жазады Мир24 сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жолда келе жатқан Хосе Санчес ер адамның телефонмен сөйлесіп келе жатып, көлігіне отырғанын көреді. Бірақ ер адам сөмкесін көшеде қалдырып кеткен.

Санчес оны қуып жетпек болған, бірақ тоқтата алмаған. Сөмкенің ішінен ол жарты миллион доллар тапқан. Ер адамның сөзінше, ол өмірінде мұнша көп ақша ұстап көрмеген.

Өзі отбасымен пәтер жалдап тұрады екен. Сондай-ақ тұрақты жұмысы жоқ.

Алайда Санчес ол ақшаны өзіне қалдырмай, жергілікті радиоға хабарлаған. Ақшасын алуға келген кәсіпкер ер адамға алғыс ретінде 25 мың доллар немесе пәтер ұсынған, алайда жігіт мұндай сыйдан бас тартқан.

Кәсіпкер оған жоғалған ақшаға ашылатын туристік мекемеде жұмыс ұсынған.

Бұл әрекетінен кейін Санческе көптеген ұсыныстар түскен. Ер адам жұмыс істеуден қорықпайтынын хабарлаған.

"Ертең бояумен айналыссам, күндіз наубайшы болып істеймін", - дейді Хосе Санчес.