Жарыс кезінде автокөлік бір топ адамды қағып кетті (видео)

0
358

​Көліктердің бірі белгісіз себептерге байланысты балшық жолағынан шығып кетіп, тосқауылды бұзып өтті.


Жарыс кезінде автокөлік бір топ адамды қағып кетті (видео)

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Техас штатында жарыс кезінде бір топ адамды көлік қағып кетті, деп жазады sputniknews.kz.

Эль-Пасо округының ипподромында балшықпен жүретін көліктер жарысы ұйымдастырылған болатын. Дәл сол кезде бір автокөлік өз жолағынан шығып кетіп, тосқауылдың арғы жағында тұрған бір топ адамға соғылған.

"Алдын ала тергеуге сәйкес, көліктердің бірі белгісіз себептерге байланысты балшық жолағынан шығып кетіп, тосқауылды бұзып өтті. Басқа үш көлік те бұзылды", - делінген ресми хабарламада.



Жол апатынан 29 адам жарақат алды. Үшеуі ауруханаға түсті, жағдайы ауыр.