Жасанды кірпік қатерлі ісікке шалдықтырған

0
5 295

Күнделікті ұзын кірпікпен жүретін қыз соңғы кездері көздерінің домбығып ісетінін байқайды. Бірақ кірпікке арналған желімнен аллергия шығар деп көңілге алмаған. Десе де туыстарының ескертуінен кейін аз уақыт сүрме жаға тұрайын деп шешеді.


Жасанды кірпік қатерлі ісікке шалдықтырған

Ұзын кірпік пен шашты жанынан артық жақсы көретін англиялық 19 жастағы Меган Баркер жасанды кірпік жапсырудың ақыры ауыр дертке шалдықтыратынын білген жоқ, деп жазады ERNUR.KZ тілшісі life.ru-ға сілтеме жасап.

Күнделікті ұзын кірпікпен жүретін қыз соңғы кездері көздерінің домбығып ісетінін байқайды.

Бірақ кірпікке арналған желімнен аллергия шығар деп көңілге алмаған. Десе де туыстарының ескертуінен кейін аз уақыт сүрме жаға тұрайын деп шешеді. Сонда да көздегі ісік қайта қоймаған соң бойжеткен көз дәрігеріне көрінеді. Дәрігер ешбір кінарат таппай, арнайы медициналық сараптамаға жібереді.

«Маған қатерлі ісікпен ауыратынымды айқанда аса қатты уайымдамадым. Тек дәрігерлер шашымды түгелдей алып тастағанда ғана дертімнің соншалық ауыр екенін сезіндім. Өйткені шашым өте әдемі еді. Енді өскенін күтемін», – дейді М.Баркер.

Баркерге Англиядаға 6 сағаттық ота сәтті өткен. Енді оған алты ай көлемінде көлік айдауға және екі ай жұмыс жасауға болмайды.

Қазір бой жетіп етек-жеңін жинаған қыздан әсемдікке жаны құмар әйелдерге дейін кірпік жалғау, қас бояуға өте құмар. Олар сұлулық үшін күшін, ақшасын, уақытын да тіпті денсаулығын да сарп етуге бар. Әйтсе де денсаулыққа жетер ештеңе жоқ екенін түсінген мына қыздың жағдайы барлығымызға ой салады сенеміз.