Жасы ​40-қа толмағандарға шетелге шығуға шектеу қойылды

0
1 253

40-қа толмағандар шетелге шыға алмайды.


Жасы ​40-қа толмағандарға шетелге шығуға шектеу қойылды

Түркіменстан билігі жасы 40-қа толмаған азаматтардың елден шығуына шектеу қойды. "25 маусымда дашогуздықтар (Ашғабадтан 630 километр қашық Дашогуз қаласының тұрғындары) қаланың миграциялық қызметінен ел азаматтарының шетелге шығуына қойылған жас шектеуі 30-дан 40-жасқа ұлғайтылғанын білді" деп хабарлайды ERNUR.KZ. Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Миграциялық қызметке туристік виза алмақ болып барған кейбір жергілікті тұрғындардың айтуынша, шенеуніктер өздеріне енді 40-қа толмағандарды шетелге шығармау туралы "жоғарыдан пәрмен" түскенін айтып, анықтама беруден бас тартқан.

"Миграциялық қызмет мамандары жоғарыдан бұйрық түскенін айтты. Ол бойынша, енді 40-қа толмағандарға шетелге шығуға рұқсат берілмейді. Тыйым салудың себебін сұрағандарға уәлаятта (облыс) жұмысқа жарамды ешкім қалмаған деп түсіндірген. Бәрі кетіп қалса, кім жұмыс істейді деген", - деді өзін Шадурдыев деп таныстырған Сапармұрат Түркменбашы ауданының 36 жастағы тұрғыны.