Жээнбеков премьер-министрді тағайындау туралы парламент шешімін алды

0
436

Үш күн iшiнде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков оған қол қою керек.


Жээнбеков премьер-министрді тағайындау туралы парламент шешімін алды

ERNUR.KZ. Садыр Жапаровты Қырғызстанның премьер-министрі лауазымына тағайындауды растау туралы Қырғызстан парламентінің қаулысы президент аппаратына келiп түсті. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Толғанай Стамалиева айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, үш күн iшiнде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков оған не қол қою керек, не Жогорку Кенешке қайтару керек.
Алайда Жээнбеков қол қоймаса да, Конституцияға сәйкес Садыр Жапаров легитимдi премьер-министр болады.