Желіде қазақ пен күрдтердің Ресейдегі жанжалына қатысты тағы бір видео жарияланды

0
507

Видеодан беліне дейін шешініп тастап, қолына таяқ ұстап, жазық далада оқиға орнына беттеп бара жатқан агрессивті көңіл-күйдегі жігіттерді көруге болады.


Желіде қазақ пен күрдтердің Ресейдегі жанжалына қатысты тағы бір видео жарияланды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Саратов облысының Дергачев ауданында 24 қазанда болған ұлтаралық қақтығыстың тағы бір видеосы пайда болды, деп жазады zakon.kz.

Видеоны "Взгляд-инфо" ақпарат агенттігінің редакциясына оқиға куәгерлері ұсынған.

Онда беліне дейін шешініп тастап, қолына таяқ ұстап, жазық далада оқиға орнына беттеп бара жатқан агрессивті көңіл-күйдегі жігіттерді көруге болады. Барлығы жолдың бойына қарай ағылып бара жатқанын, ал алыстан бір көліктің де төбесі көрінеді.

Олар бір де бірге шығу үшін келген топ екенін байқауға болады, алайда бұған күш қолдануға мәжбүр болған "омондықтар" жол бермеді.

- Ең құрымағанда, олармен сөйлесуге рұқсат беріңіздер! - деді ОМОН-ға қарсылық танытушы жігіттің бірі.

Жанжал 21 қазанда, қазақ жігітін әскерін шығарып салу кезінде орын алған. Дереккөз атап өткендей, әртүрлі ұлт өкілі мас кезінде сөзге келіп қалып, арты төбелеске ұласқан, мәселені ешу үшін қос тараптың адамдары жан-жақтан "тартылған".