Желіде Қырым көпіріндегі жарылыстың спутниктен түсірілген суреттері жарияланды

0
452

Керчь бұғазы арқылы созылып жатқан көпірде жанып жатқан цистерналардан шыққан түтін мен қираған көпір аралығы да көрінеді.


Желіде Қырым көпіріндегі жарылыстың спутниктен түсірілген суреттері жарияланды

ERNUR.KZ. Америкалық Maxar Technologies және Planet Labs компаниялары Twitter-дегі парақшаларында 8 қазан таңертең Қырым көпірінде болған жарылыс пен өрттің спутниктен түсірілген суреттерін жариялады, деп жазады tengrinews.kz.

Суреттерде көпірдегі апаттан келген шығын анық көрсетілген. Керчь бұғазы арқылы созылып жатқан көпірде жанып жатқан цистерналардан шыққан түтін мен қираған көпір аралығы да көрінеді.


Еске салайық, 8 қазанда Қырым көпірінде жүк көлігі жарылып, салдарынан пойыздың жеті жанармай цистернасы өртенді.