Желіде оқытушыны мазақ еткен студенттердің видеосы пайда болды

0
2 243

Мұғалімнің жастарға сөзін тыңдата алмай отырғанына қарағанда олар байдың балалары болуы ықтимал.


Желіде оқытушыны мазақ еткен студенттердің видеосы пайда болды

ERNUR.KZ. Әлеуметтiк желiлерде студенттерiнің оқытушыны мазақ еткенбейнежазба тарап жатыр. Онда шәкірттері ұстазына ақша үшін билеугді ұсынады.

ca-news.org -тың хабарлауынша бұл өзбекстандық студенттер. Үш минуттың видеода дәріс кезінде бір топ жастар ойнап тұрған музыкаға мұғалімге ақша көрсетіп билеп беруді ұсынады. Мұғалімнің бұл әрекетті доғару туралы талабы естусіз қалып, жігіттер ақшаны көлбеңдетіп оқытушыға ұсынысын қайталай береді.

Мұғалімнің жастарға сөзін тыңдата алмай отырғанына қарағанда олар байдың балалары болуы ықтимал, деп жазады басылым.

Бұл бейнежазба туралы түсінік берген Өзбекстанның жоғары және арнаулы білім беру министрлігінің баспасөз қызметі оның осыдан он жыл бұрын түсірілгенін айтқан.

"Ия, мұндай оқиға болған - студенттер, былайша айтқанда "алтын жастар", экономикалық университет мұғалімін мазақ еткісі келген. Бірақ, бұл он жыл бұрын болған оқиға. Нақты мерзімін айта амаймын. Бұл оқиғаның барлық қатысушылары сол кезде жазаланған" - деген министрлік өкілі Марат Закиров дәл қай ЖОО екенін нақты айтпаған.