Желіде Өзбекстандағы су бөгетінің жарылғаны түсірілген видео пайда болды

0
942

Бөгет жарылған соң 276 шаршы шақырым аумақты су басқан.


Желіде Өзбекстандағы су бөгетінің жарылғаны түсірілген видео пайда болды

ERNUR.KZ. Желіде Өзбекстандағы Сардоба су бөгетінің жарылған жері түсірілген видео пайда болды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Видеожазба тікұшақтан түсірілген сияқты. Оның кадрларынан су бөгетін, оның жарылған тұсын анық көруге болады. Одан сыртқа қарай ағыны қатты су ағып жатыр.

Еске салайық, бөгет жарылған соң 276 шаршы шақырым аумақты су басқан, 76-сы Қазақстан территориясына тиесілі. Елде 10 елді мекенді су басты. Эвакуацияланғандардың саны 30 мыңға жетті. Жалпы шығын, алдын ала мәлімет бойынша, 404 миллион теңгеге тең болған.