Желіде жолаушылардың ұшақ итерген видеосы жарияланды

0
365

Әуекемесі доңғалағы жарылып, қозғала алмаған.


Желіде жолаушылардың ұшақ итерген видеосы жарияланды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Непалда жолаушылар 19 орындық ұшақты итеріп, ұшу-қону жолағынан шығарды. Әуекемесі доңғалағы жарылып, қозғала алмаған, деп жазады Kaz.tengritravel.kz.

Непалдың Судурпаштин-Прадеш провинциясында жолаушылар Колтидегі Баджура әуежайына қатты қонғаннан кейін ұшақты өздері жылжытты. Желіде кадрлардан бірнеше ондаған адамның әуекемесін орнынан қалай жылжытқанын көруге болады.


"Жігіттерге алғысым шексіз. Мұндай жағдай тек Непалда болуы мүмкін", - деп түсіндірді куәгер.

De Havilland Canada dhc-6-300 Twin Otter ұшағы қонуға кірген кезде доңғалағы жарылады. Ұшқыш аман-есен қонды, алайда әуежайда ұшу-қону жолағынан шығаратын қажет техника болған жоқ. Бұл уақытта бірнеше лайнер қону үшін бос орын күтіп тұрғаны атап өтілді.