​Жер бетіндегі аптап ыстықтың себебі анықталды

0
1 294

Климатшылардың айтуынша, Еуропадағы аптап ыстық кем дегенде екі аптадан кейін түседі.


​Жер бетіндегі аптап ыстықтың себебі анықталды

ERNUR.KZ.Оксфорд университетінің ғалымдары Жер бетінің солтүстік жартышарында, сонымен қатар Ұлыбритания мен Жапониядағы аптаған ыстықтың өзара байланысы бар және ол климаттың өзгеруімен тікелей байлынысты деген қорытынды шығарды, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі.

Климатшы Майлз Алленнің (Myles Allen) айтуынша, аптап ыстық өткен жылы да болды, мысалы 1976 жылы Англияда тарихта ең жоғары температура - 35,9 градус ыстық тіркелді, бұл өз кезегінде ұзаққа созылған құрғақшылықты тудырды. Алайда, ол жылдардағы Жердің орташа атмосфералық температурасы бүгінгімен салыстырғанда біршама төмен болған. Дегенменде жаһандық жылумен қатар ыстық күндер де жиілей бастаған.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым аптап ыстық 2018 жылы Солтүстік жартышарда Жер климатының өзгеруіне орай кеңінен тараған. Жалпы парникті газдардың көптеп бөлінуінің жалғасуы экстремалды ауа райына себеп болып отыр.

Климатшылардың айтуынша, Еуропадағы аптап ыстық кем дегенде екі аптадан кейін түседі. Осыған қарамастан Скандинавия мен Балтық аудандарында өрт қаупі өте жоғары болып тұр. Шілде айының ортасында тек жалғыз Швецияда 50 орман өрті тіркелді.

Грециядағы өрт те шілдедегі ыстық пен желге байланысты. Ал, аптап ыстыққа Еуропаның солтүстігінде орныққан тұрақты интициклон және жоғары қысым аумақтарының жүйесі негіз болып отыр.