Жер жаңғақ теруге бара жатқан сарбаздар жол апатынан қайтыс болды

0
654

Бірқатар мәлімет бойынша, командир жауынгерлерді басшысы үшін жаңғақ теріп келуге жіберген.


Жер жаңғақ теруге бара жатқан сарбаздар жол апатынан қайтыс болды

ERNUR.KZ. Түркіменстанның Мары облысында жер жаңғақ теруге бара жатқан жауынгерлер жол апатына түсіп, бес адам қайтыс болған, деп жазады centralasian.org.

"2 қыркүйекте Серхетабад қаласындағы шекара бөлімшесінің командирі міндетті әскери қызметін өтеп жатқан жауынгерлерді түркімен-ауған шекарасындағы бейтарап аймаққа жер жаңғақ теруге жіберген. Жолда 30-дан астам жауынгер отырған "Урал" көлігі аударылып, бірнеше кісі қаза болды", - деп мәлімдеген дереккөз.

Оның айтуынша, жол апатынан бес жауынгер көз жұмып, 27 сарбаз ауруханаға жеткізілген.

"Шекарашылар Серхетабад қаласына жақын жерде жер жаңғақ өсіп жатқан аймаққа жергілікті тұрғындарды өткізбейді. Бірқатар мәлімет бойынша, командир жауынгерлерді басшысы үшін жаңғақ теріп келуге жіберген", - дейді дереккөз.

Türkmen.news сайты болса, жол апатынан 11 жауынгер қаза болды деп жазды. Басылым мәліметіне қарағанда, апат "жүргізушінің рөлді басқара алмай қалғанынан" не "көліктің бұзылуынан" болған.