​Жергілікті биліктің қысымына шыдамаған қала тұрғыны жүрек талмасынан қаза тапты

0
888

Жергілікті билік бұл оқиғаға пікір білдірмеді.


​Жергілікті биліктің қысымына шыдамаған қала тұрғыны жүрек талмасынан қаза тапты

ERNUR.KZ. 19 қаңтарда Ферғана қаласы орталығында тұратын 44 жастағы Виктор Аристов қайтыс болды. Оның туыстарының сөздерінше, марқұм жергілікті биліктің қысымына шыдамаған.

Нәтижесінде жүрегі қысылып, комаға түсіп, жан сақтау бөлімінде көз жұмған. Жергілікті билік бұл оқиғаға пікір білдірмеді.

Виктор Аристовтың көршісі билік өкілімен арада кикілжің болғанын айтады. "Әкімшілік қызметкері мен оның отбасы мүшелері арасында кикілжің болды. Нәтижесінде Виктордың қан қысымы көтеріліп кетті. Келесі күні оны ауруханаға жатқызды, бірақ көп ұзамай көз жұмды", – дейді Виктор Аристовтың көршісі.

Ақпаратқа қарағанда, жаңа жылдан кейін Алишер Навои көшесіндегі ескі үйдің тұрғындарына үйдің сүрілетінін айтып, ескерту жасаған. Оларды қаланың шетіндегі үйге көшуді бұйырған. Бірақ тұрғындар ол жақта не мектеп, не дүкен жоқ деп, көшуден бас тартқан.

Мұнан бөлек билік ұсынған көп қабатты тұрғын үй толық салынып бітпеген. Сондықтан да тұрғындар жаңа пәтерге көшуге асығар емес.

Ферғана орталығындағы көп қабатты кірпіштен салынған үйлер 1941-1945 жылдары салынған. Ол үйлерді сүріп, билік жерді шетелдіктерге құрылыс жүргізуге бермек.

Дереккөз: centralasian.org/a