Жеті жасар бала 2018 жылдың ең бай блогері атанды

0
1 176

Forbes басылымы YouTube каналының ең бай блогерлерінің тізімін жариялады.


Жеті жасар бала 2018 жылдың ең бай блогері атанды

ERNUR.KZ. Forbes журналы YouTube каналының ең бай блогерлерінің тізімін жариялады. Басылымның нұсқасы бойынша, бірінші орынды 7 жасар америкалық Райан иеленді. Ол балаларға арналған ойыншықтарға шолу жасайды, деп жазады BNews.kz.

Бірінші орынды 7 жастағы америкалық Райан иеленді. Оның Ryan ToysReview каналы жылына 22 миллион доллар тапқан. Кішкентай Райан ойыншықтарына видеорецензия түсіреді. Оған анасы, әкесі және сыңары көмектеседі. Оқушының 17,3 миллион оқырманы бар.

Forbes рейтингінде екінші орында Джейк Пол тұр. Ол 17,5 миллион адамы бар Jake Paul каналында 21,5 миллион долларға ие болған.

Үштікті Dude Perfect каналының авторы тұйықтап тұр. Онда бес адам түрлі трюктар мен эксперименттер түсіреді. Оны 36 миллион адам оқиды, жігіттер 20 миллион доллар қаржы тапқан.