Жігітімен құшақтасқаны үшін студент қыз оқудан шығарылды

0
1 116

Ер адам студент қызға бір құшақ гүл сыйлап, үйленуге ұсыныс жасау үшін алдында тізерлеп тұрып, кейін оны құшақтап, көтеріп алған.


Жігітімен құшақтасқаны үшін студент қыз оқудан шығарылды

ERNUR.KZ. Мысырда әл-Азхар университетінің студентін желіде күйеу жігітімен құшақтасқаны түсірілген видео жарияланғаннан кейін оқудан шығарып жіберді, деп жазады sputniknews.

Өткен аптада Желіде пайда болған кадрларда ер адам студент қызға бір құшақ гүл сыйлап, үйленуге ұсыныс жасау үшін алдында тізерлеп тұрады. Кейін оны құшақтап, көтеріп алған. Ал видео студент қыз оқитын ЖОО-да емес, күйеу жігіт білім алып жүрген әл-Мансура университетінде түсірілген.

Әл-Азхир университетінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, ЖОО жарлығына байланысты қыз оқудан шығарылыпты.

Студенттің университет басшылығының шешіміне шағым түсіруге хақы бар екен.