​Жойқын жарылыс: 32 адам жапа шекті

0
1 903

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяның Седжон қаласында жойқын жарылыс болды.


​Жойқын жарылыс: 32 адам жапа шекті

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяның Седжон қаласында жойқын жарылыс болды, деп жазады life.ru.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, құрылыс жүріп жатқан жердегі жарылыс салдарынан 32 адам жарақаттанған, соның ішінде 4-еуінің жағдайы ауыр.

Жарылыстан соң құрылыс алаңында өрт шыққан. Жергілікті басылымдардың келтірген мәліметінше, төтенше жағдай жерасты автотұрағында болған. Жарылыстан шыққан түтін аспанға бейнебір жанартаудан шыққандай қала аспанына көтерілген.