Жолбарыс аң үйретушіні жарып тастады (видео)

0
4 653

Хайуанаттар бағының өзге қызметкерлері темір қоршаудың сыртында араша түспек болғанмен қайран жасай алмады


Жолбарыс аң үйретушіні жарып тастады (видео)

ERNUR.KZ. Қытайдың Фучжоу қаласындағы зообақта жолбарыс өзін шөнжігінен асырап, бағып келген аң үйретушіні жарып тастады.

Қолға үйретілген түз тағысы алда болатын шараға дайындалу үшін қапасқа кірген адамға кенеттен шабуылдаған. Жыртқыш өзінің Ву есімді бапкерін жарып тастап, мүрдесін жей бастаған.

Хайуанаттар бағының өзге қызметкерлері темір қоршаудың сыртында араша түспек болғанмен қайран жасай алмады.

Жергілікті Bild басылымы шөнжігінен адамға үйренген жолбарыс әдетте жуас болатын, деп жазады. Жануардың неліктен бұлай жасағанын әзірге ешкім айта алмай, дал. Зообақтағы цирк қойылымдары тоқтатылды. Айтпақшы, ондай қойылымға аталған мекеменің рұқсаты да жоқ болып шықты.

видео желіден алынды