Жүкті әйел супермаркетте босанып қалды (видео)

0
1 205

Нәресте дәрігерлер келгенге дейін дүниеге келген.


Жүкті әйел супермаркетте босанып қалды (видео)

ERNUR.KZ. Аяғы ауыр келіншекті кассир мен екі құрбысы босандырып алған, деп жазады ktk.kz.


Ресейдің Омбы облысындағы Назвевск қаласының тұрғыны сауда жасауға барып, дәл касса алдында толғағы келген. Бейнебақылау камерасындағы жазбаны жергілікті БАҚ өкілдері жариялаған.

Дүкен қызметкерлерінің айтуынша, көпшілік болып жатқан ерекше жағдайға сабырлықпен қараған. Әйелді өзімен бірге келген екі құрбысы мен кассир босандырды. Нәресте дәрігерлер келгенге дейін дүниеге келген. Салмағы 3,6 келі нәресте есімін Иван деп атады.

Кейінірек, бұл 28 жастағы әйелдің отбасында алтыншы бала екендігі анықталды. Соңғы рет әйелді фельдшер жедел жәрдем ішінде босандырып алған екен.