Жүздеген көртышқан арасында тұрып жатқан қыз табылды

0
2 951

Анасы мен 8 жасар қызы пәтерде көртышқандармен бірге тұрған.


Жүздеген көртышқан арасында тұрып жатқан қыз табылды

ERNUR.KZ. Санк-Петербургте жүздеген көртышқан арасында тұрып жатқан қыз табылды, деп хабарлайды ktk.kz.

8 жасар қызды қиын жағдайда қалған балаларға арналған қонақ үйге орналастырды. Аудандық әкімшілік қызға жазғы демалыс ұйымдастырып бермек. Ол қонақ үйден лагерьге барады. Қазір әлеуметтік қызметкерлер қыздың анасымен сөйлесіп, пәтерді қалпына келтіруде. 8 жасар қыз бала көртышқандармен бірге тұрып жатқан жерінен табылды. Көршілері пәтерден жағымсыз иіс шығатынын айтып шағымданған.

Полицейлер екі бөлмелі пәтерден анасы мен қызының тұрып жатқанын анықтады. Үй іші қоқысқа толған. Пәтер ішінде жүздеген көртышқан өріп жүрді. Анасынан көртышқандардан арылуды сұрады. Ал қыз баланы ауруханаға апарды. Бұл отбасы бұған дейін кәмілетке толмағандар ісімен айналысатындардың есебінде тұрмаған.