​Жылқының денесінен «Алла» және «Мұхаммед» деген жазу табылды (фото)

0
4 452

Дін қызметкерлері онда «Алла» және "Мұхаммед" деген жазуға ұқсайтындығын айтқан.


​Жылқының денесінен «Алла» және «Мұхаммед» деген жазу табылды (фото)

ERNUR.KZ. Жылқының иесі оның денесіндегі жазудың «АЛЛА» және «Мұхаммед» екендігін сеніммен айтып отыр, деп жазады turmush.kg сайты.

Қырғыз жеріндегі Ыссықкөл ауданына қарайтын Сары-Добо еуылының тұрғыны Құрманбек Убайдылаев жылқы өсірумен айналысады. Оның айтуынша, өзінің асыл тұқымды Арап лақап аты бар тұлпарының сол жақ бүйірінен араб әріптеріне ұқсайтын жазу пайда болған.

Дін қызметкерлері онда «Алла» және "Мұхаммед" деген жазуға ұқсайтындығын айтқан.

«Арап – 5 жаста. Ол жергілікті аймаққа танымал Арапчонка және мәскеулік Астра атты танымал тұлпарлардың тұқымы. Арап бірнеше бәйгеге қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алған. Бүйіріндегі жазудың пайда болып келе жатқандығын өсе келе байқадық. Жазудың мәнін білген соң одан тұқым алып қалу мақсатында қазір баптап, бәйгеге қоспай отырмыз. Қазірдің өзінде Юрислам есімді құлыны бар», - дейді ерекшелігі бар жылқының иесі.