Зілзала осымен екінші рет қайталанып отыр

0
1 241

Италияда 5,3 балдық жер сілкінісі болды


Зілзала осымен екінші рет қайталанып отыр

фото: 24.kz

ERNUR.KZ. Рихтер бағамымен күші 5,3 балл болған зілзала елдің орталық аймағында тіркелген, деп жазады. 24.kz

Жергілікті тұрғындардың зәре-құты қалмай, далада түнеп шықты. Дегенмен төтенше қызмет өкілдері халықтан құтқару туралы өтініш түспегенін айтады.

Тек кейбір ғимараттар зақымданған. Соңғы күндері бұл аймақта осымен екінші рет жер сілкініп отыр.

Сәрсенбіге қараған түні Кампобассо провинциясында күші 4,7 баллдық зілзала тіркелген болатын.